Жаңалықтар

2021 жылы, 16 сәуірде H3Unlimited Global Ltd. директоры Silkway Халықаралық университетіне барды

2021 жылы, 16 сәуірде H3Unlimited Global Ltd. директоры Silkway Халықаралық университетіне барды. Amoda Jeleli Adedion. H3Unlimited Global Ltd - Нигерия, Африка және басқа да Еуропа елдерінен шетелдік студенттерді тартуға арналған компания. Сапар барысында делегация университеттің тарихымен, материалдық-техникалық базасымен, бакалавриат, магистратура және докторантураға арналған білім беру бағдарламаларымен танысты.
Ресми кездесу барысында Халықаралық Silkway университетінің президенті Юнусов Ифтихар Бахтиярұлы және H3Unlimited Global Ltd. директоры Амода Джелели Адедион университеттің интернационалдануын дамытудағы өзара тиімді ынтымақтастық туралы бірқатар келіссөздер жүргізді.
Made on
Tilda