Ғылым жаңалықтары

Ғылыми-зерттеу бағытындағы серпіліс

2021 жылдың 16 сәуір күні Silkway Халықаралық университетінің делегациясы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне (ХҚТУ) ат басын бұрды. Делегация құрамы биология, ауыл-шаруашылық және химия саласының мамандарынан құралған.
Жұмыс тобының мүшелері биология мамандығы бойынша PhD, «Іргелі және қолданбалы зерттеулер» Ғылыми-зерттеу институтының жетекшісі А.Т.Ермекбаева, «Өмір туралы ғылым» Ғылыми орталығының жетекшісі, а.-ш.ғ.к. Т.А.Жигитеков, «Химия және биология» кафедрасының меңгерушісі, техн.ғ.к. К.Т.Тулешова және б.ғ.к., доцент Ә.Е.Сихымбаев екі жоғары оқу орындарының арасындағы жасалған меморандум негізінде жұмыстарды жаңартуды қолға алды.

Түркістан өңіріндегі білім беру саласындағы алпауыттардың бірі болып есептелетін Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ білім алушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беріп келеді. Жоғары оқу орнының ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттыру, профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру, заманауи форматтағы ғылыми-зерттеу базасы – барлығы да еліміздің игілігі жолында жүргізіліп келеді.
Ic-cапар барысында Silkway Халықаралық университетінің делегация мүшелері Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Ж.А.Темірбекованың қолдауымен және ғылымды коммерцияландыру департаментінің директоры Е.Р.Керiмбековтiң жетекшілiгiмен «Ботаникалық бақ», «Экология» Ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлерiмен кездесті. Университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстары қарқынды жолға қойылған.


Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталган ғылыми-зерттеу зертханасында алма, тораңғы, жөке, қайың ағаштарын бүршіктен көбейту жұмыстары, коммерцияландырылган ғылыми жобалар аясындаа.-ш.ғ.к. Б.Юсупов, PhD Н.Салыбекова т.б. оқытушы-ғалымдар декоративтi cәндiк ағаштар, жеміс беретін ағаш түрлерін егу және пиязшыктарды көбейту жұмыстарын инновациялық тәжірибелердi қолдану жолымен «Ботаникалық бақта»жұмыс жасауда.


«Экология» Ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлерi биологиялық жем-шөптiк қоспа дайындау, пластикалық бөтелкелердi утилизациялау, пресстеу, биологиялық қоспалар, вермичай даярлау​ жұмыстарын жүргізуде. Зерттеу орталығының басты мақсаты - экологияға зиян тигізбей, қалдық өнімдерін тиімді пайдалану жолдарын iздестiру және қолдану болып табылады.


Бiр сөзбен айтқанда, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің практикалық базасы мықты жоғары оқу орны, ғылыми бағыттағы шаруашылық маңызы зор жобалар icке асырылуда, ғылыми жұмыстар нәтижелерін оқу үдерiciнде пайдалану жүйелі сабақтастық тапқан. Алдағы уақытта Silkway Халықаралық университеті және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті арасында бiрлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Made on
Tilda