Жаңалықтар

SWIU ПРЕЗИДЕНТІ АРДАГЕР ҰСТАЗДАРДЫ ҚАРТТАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай SWIU президенті, ҚР ҰИА корр.мүшесі Юнусов Мадияр Бахтиярұлы университетіміздің ардагер ұстаздарын қарттар күнімен құттықтады. SWIU президенті өз сөзінде «Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз.Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әр қайсыларыңыздың оқу орнымыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Сіздерді бүгінгі айтулы мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін»-дей келе, арнайы алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Іс-шара соңы ардагер ұстаздарымыз университет басшылығына зор алғысын білдірді.
Made on
Tilda