Ғылым жаңалықтары

«Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» және «Өркен» ғылыми зерттеу және шығармашылық идеялар қоры» бірлесіп, байқау жеңімпаздарын құттықтау іс-шарасы өтті

«Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» Қоғамдық қоры және «Өркен» ғылыми зерттеу және шығармашылық идеялар қоры» Қоғамдық қоры бірлесіп, «ЖАС ҒАЛЫМ 2021» атты VII Республикалық 7-11 класс оқушылары мен студенттерге және жас зерттеушілер мен жас ғалымдарға арналған ғылыми тәжірибелік конференция және 1-6 класс оқушыларына арналған шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстары конкурсының нәтижелері анықталып, байқау жеңімпаздарын онлайн құттықтау іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан Педагогикалық Академиясының профессоры, «Өркен» ғылыми-зерттеу және шығармашылық идеялар қоры» Қоғамдық қорының Президенті – Бүркіт Әуесхан Қантөреұлы Silkway Халықаралық университетінің келесі ғалымдарға «Өркен» Ғылыми зерттеу және шығармашылық идеялар қоры» Қоғамдық қорының корреспондент-мүшелігінің куәлігі мен төсбелгісі салтанатты түрде табысталды:
- Б.Е. Жакипбаев – PhD, Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры;
- Г.Б. Мауленбердиева – п.ғ.к., «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі;
- Н.Н. Жаникулов – PhD, Жас ғалымдар және СҒЗЖ ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру бөлімінің басшысы.
Made on
Tilda