Байқауда белгілі ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Абайтанушы Абай Қалшабек , Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, 2015 жыл «Жалдың үздік ақыны», «Алтын қалам-2016» номинациясының иегері Дәурен Айманбет және журналист, «Қызмет» газетінің бас редакторы Нармбетова Бейсенкүл сыңды белгілі тұлғалар қазылық етті.
Байқау қорытындысына сәйкес қатысушылар арасынан ерекше көзге түсіп, әділ қазылар тарапынан жоғары бағаланған Нүркен Нұрғазы, Әзімхан Исабек және Бейбітбек Ақбота республикалық кезеңге жолдама алды.
Байқаудың өтуіне қолдау білдірген Silkway Халықаралық университетінің президенті Мадияр Бахтиярұлына үлкен алғыс білдіреміз.