Жаңалықтар

Білім алушыларды емтихан сессиясына жіберу

Білім алушыларды емтихан сессиясына жіберу екі кезеңде жүзеге асырылады:
1. 1-ші кезеңде оқу ақысы бойынша берешегі жоқ білім алушыларды емтихан сессиясына жіберу жүргізіледі;
2. 2-ші кезеңде үлгерімнің ағымдағы және аралық бақылау нәтижелері бойынша анықталатын рұқсат беру рейтингісінің бағасы негізінде пән бойынша емтиханға автоматты түрде жіберу жүзеге асырылады.
Автоматты түрде емтихан ведомостына әрбір білім алушының тегінің қарама-қарсы тұсына тиісті белгімен қойылады.
Бақылаудың барлық түрлері бойынша білім алушылардың оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады.
Компьютерлік тестілеу нысанында өткізілетін емтихандарда білім алушыларға 50 тест тапсырмасынан тұратын тест беріледі. Әрбір дұрыс жауап 2 баллмен бағаланады. Бір емтиханның ұзақтығы - 60 минут. Емтихан нәтижелері бойынша қорытынды баға балмен және әріптік бағалаумен қойылады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау мен бағалаудың негізгі түрлері: ағымдағы бақылау, аралық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау болып табылады.
Сессия кезеңінде қорытынды бақылау бойынша оң бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді
Емтиханда «FX» әріптік жүйесіне сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған білім алушы оқу пәнін/модулін қайта оқымай-ақ емтиханды бір рет қайта тапсыруға мүмкіндігі бар.
«FX» белгісіне сәйкес келетін бағадан емтиханды қайта тапсыруға келесі академиялық кезең басталғанға дейін, ал жазғы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша курстан курсқа ауыстыру туралы бұйрық шыққанға дейін.
Курстан курсқа ауысу туралы бұйрық шыққаннан кейін «FX» белгісіне сәйкес келетін емтихан бағасы академиялық берешекке (қарызға) айналады.

Апелляция.
Аралық аттестаттауды өткізу үшін факультет декандарының ұсыныстары негізінде ректордың бұйрығымен емтихан сессиясы басталғанға дейін 10 күннен кешіктірмей апелляциялық комиссияның құрамы бекітіледі.
Пән бойынша жазбаша немесе шығармашылық емтиханның, кәсіптік практика бойынша есепті қорғаудың, курстық жұмысты (жобаны) қорғаудың, ҒЗЖ/ЭАР бойынша есепті қорғаудың нәтижесімен келіспеген білім алушы емтихан өткізілгеннен немесе практика бойынша есепті, курстық жұмысты (жобаны), ҒЗЖ/ЭАР бойынша есепті қорғағаннан кейінгі келесі жұмыс күні сағат 13:00-ден кешіктірмей апелляциялық комиссия төрағасының атына апелляция туралы өтініш білім алушылардың фронт офисіне (БАФО) беріледі.
Пән бойынша жазбаша немесе шығармашылық емтихан нәтижелерінің апелляциясы, кәсіптік практика бойынша есепті қорғау туралы білім алушының өтініштері 13:00-ден кейін қабылданбайды және апелляциялық комиссияда қаралмайды.
Компьютерлік тестілеу нысанындағы емтихан нәтижесімен келіспеген білім алушы факультет деканының атына емтихан нәтижелеріне апелляциялық шағымды емтихан күні ғана беруге құқылы.
Емтихан нәтижелерінің апелляциясы туралы өтініште білім алушы апелляцияны өткізудің негізділігі мен қажеттілігін айқындайды. Емтихан нәтижелерінің апелляциясы туралы білім алушының өтініштері апелляция қажеттілігінің негіздемесіз қабылданбайды және апелляциялық комиссияда қаралмайды.
Апелляциялық комиссия апелляцияға өтініш бергеннен кейін келесі жұмыс күні сағат 17:30-дан кешіктірмей бағалау критерийлерін басшылыққа ала отырып, білім алушының емтихан жұмысын қарайды және білім алушының апелляция туралы өтінішін қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау туралы шешім қабылдайды.

Емтиханға келмеу
Академиялық саясаттың 4.26 тармағында көрсетілген емтиханға келмеудің дәлелді себептері болған жағдайда ауру (жеке немесе кәмелетке толмаған баланың); жақын туыстарының (әкесінің, анасының, әжесінің, атасының, туған ағасының немесе әпкесінің, баланың, әйелінің немесе күйеуінің) қайтыс болуы; іссапар, өндірістік қажеттілік; ерекше ауа-райы жағдайлары; төтенше сипаттағы оқиғалардың (пандемия, ҚР аумағында немесе ҚР әкімшілік-аумақтық бірліктерінде төтенше жағдай немесе карантин режимі немесе дүлей апаттар, авариялар және т.б.) туындауы және өзге де форс-мажорлық жағдайлар білім алушының жеке өтініші бойынша (факультет деканының атына) растайтын құжаттар болған кезде академиялық күнтізбе шеңберінде жеке кесте бойынша емтихан сессиясын тапсыруға рұқсат етіледі.
Дәлелді себеп болмаған немесе білім алушы академиялық қызмет жөніндегі проректор атына уақытылы өтініш бермеген және дәлелді себеп бар екенін куәландыратын растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, емтиханға келмеу «F» бағасына сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» бағаға теңестіріледі, оны қайта тапсыру 9.54-тармаққа сәйкес жүзеге асырылады, ол пәнге қайта тіркеледі және оны жазғы семестрде немесе келесі академиялық кезеңде ақылы негізде оқиды.

Емтихан сессиясы және басқа сұрақтарыңыз бойынша университетімізде жедел желі ұйымдастырылған. Барлық байланыс телефондары университет сайтында келтірілген https://swiu.edu.kz/page15041559.html
Made on
Tilda