Жаңалықтар

Құрметті ардагерлер мен профессор-оқытушылар!

Құрметті ардагерлер мен профессор-оқытушылар!
Сіздерді 9 мамыр жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ел басына күн туған сұрапыл жылдары Отан үшін отқа түсіп, кеуделерін оққа тосқан отандастарымыздың есімдері мен ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Біз оларды әрдайым ардақтап, мақтан етеміз.
«Отан үшін күрес-елге тиген үлес» дейді дана халқымыз. Отанға деген махаббат, жеңіске деген құштарлық пен қуатты рух, достық пен ынтымақ – Ұлы Жеңістің негізі болды. Ерлігімен тарих парағында өшпес із қалдырған аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз. Олардың есімдері халықтың жүрегінде мәңгі сақтала беретін болады. Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді!
Құрметті ардагерлер мен профессор-оқытушылар
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Ұлы Жеңістің 76 жылдығы құтты болсын!

Ізгі ниетпен
Silkway Халықаралық университетінің президенті, ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі,
Ифтихар Бахтиярұлы Юнусов
Made on
Tilda