Жаңалықтар

«VI Оразов оқулары: сандық дәуірдегі түркі мәдениетінің өзекті мәселелері» атты халықаралық конференция болып өтті

2020 жылдың 05 қараша күні, SILKWAY Халықаралық университетінде ұлағатты ұстаз, қазақ тіл білімі мен түркітануға мол үлес қосқан ғалым, оқу орнымыздың қалыптасуына және оның оңтүстік өңірдегі ірі білім ошағына айналуына зор еңбек сіңірген, университетіміздің тұңғыш ректоры, академик, филология ғылымдарының докторы, профессор Мейірбек Оразовтың құрметіне орай жыл сайын өткізілетін дәстүрлі «Оразов оқулары» аясында «VI Оразов оқулары: сандық дәуірдегі түркі мәдениетінің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті.
Талқыланатын ғылыми мәселелердің өзектілігіне байланысты конференция ауқымының кеңеюіне халықаралық ұйымдар, ғылыми мекемелер, шет елдік жоғары оқу орындары, атап айтсақ: түркі мемлекеттері Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан құрылтайшы болған беделді ұйым Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO), Токат Газиосманпаша университеті (Түркия), Баку мемлекеттік университеті (Әзербайжан), Мәскеу қалалық педагогикалық университеті (Ресей), Франциска Скорина атындағы Гомель мемлекеттік университеті (Беларусь), ҚР БҒМ М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты (Алматы), ҚР БҒМ А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (Алматы)қоса ұйымдастырушылар ретінде қолдау білдірді.
Конференцияға еліміздің және шет елдердің жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерінен келіп түскен әдебиет және тіл білімінің теориялық-әдістемелік мәселелері, қазіргі түркология, түркі халықтарының тарихы, мәдени-әдеби мұралары және оларды цифрландыру мәселелері, қашықтан оқыту – қолжетімді білім берудің құралы, азаматтық құқық – әділетті мемлекеттің негізі, жеке кәсіпкерлік – әлеуетті экономиканың қозғаушы күші, жаратылыстану ғылымдары және IT технологиялар бойынша 250-ден астам ғылыми баяндама алты секцияда тыңдалып, талқыланды.
Конференцияның пленарлық отырысына университет ректоры, ЕДІЛХАНОВ Артур Жауханұлы модераторлық жасады. Пленарлық мәжілісінде сөз алған Халықаралық Түркі академиясының президенті, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор ҚЫДЫРӘЛІ Дархан Қуандықұлы, Токат Газиосманпаша университеті Халықаралық қатынастар бөлімінің директоры, профессор, доктор Кубилай ӨЗЙЕР (Түркия, Токат), ҚР Білім және ғылым министрлігі М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ежелгі әдібиет және түркология бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент ҚЫДЫР Төрәлі, И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті Лингвистика және Манастану институтының директоры, ҚР ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қырғызстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор МУСАЕВ Сыртбай Жолдошұлы (Қырғыз Республикасы, Бишкек), Франциска Скорина атындағы Гомель мемлекеттік университеті Халықаралық бөлімінің бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент ГРАХОЦКИЙ Александр Павлович (Беларусь, Гомель қ.) Конференция жұмысына табыс тілеп, ғалым-ұстазМейірбек ОРАЗОВТЫҢқазақ тіл білімі мен түркология ғылымының дамуына қосқан үлесі жайына, ғалым еңбегін насихаттауда SILKWAY Халықаралық университетінің атқарып жатқан игілікті істерінің кейінгі жастарға үлгі-өнеге болатынына барынша назар аударып, өз қолдауларын білдірді. Профессор СыртбайМусаевМ. Оразов еңбектерінде көтерілген ғылыми-теориялық мәселелердің тек қазақ тіл білімі ғана емес, жалпы тұркология қосылған үлес екендігіне тоқталды. Халықаралық Түркі академиясының президентіДархан Қыдырәлі алда келе жатқанМ. Оразовтың80 жылдығы қарсаңында SILKWAY Халықаралық университетімен бірлесіп ғалымеңбектерінің толық жинағын Академия тарапынан шығару туралы ұсынысын айтып, SILKWAY Халықаралық университеті Түркология ғылыми-зерттеу орталығының жұмыстарына табыс тілеп, қолдау көрсететіндерін білдірді.
Пленарлық мәжілісте ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты ФАЗЫЛЖАНОВА Анар Мұратқызының «Жаһандану-ұлттану жағдайындағы қазақ тілі және ұлттық тілтанымның өзекті мәселелері»,Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің доценті, психология ғылымдарының докторы ТОЛСТИКОВА Светлана Николаевнаның «Болашақ мамандардың кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттерін дамыту», Қ.А. Йасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркология ҒЗИ директоры, профессор, доктор Бүлент БАЙРАМмырзаның«Түркістан аймағындағы бүгінгі жаңа түркология ғылымының дамуы туралы ойлар» деген өзекті тақырыптарға арналған баяндамалар жасады. SILKWAY Халықаралық университеті «Түркология» ғылыми-зерттеу орталығының директоры ҚҰДАСОВ Сейсенбай Жолайұлы университетте түркология бойынша қолға алынып, жасалып жатқан зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен және болашақ жоспарларымен ой бөлісті.
Конференция аясында Токат Газиосманпаша университетімен, ҚР Білім және ғылым министрлігі М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен SILKWAY Халықаралық университеті арасындағы ғылым және білім беру саласында өзара әріптестік туралы Меморандумға қол қойылды.
Конференция жұмыстары келесі секциялар бойынша жалғасын тапты
1. Қазіргі түркология және тіл білімінің теориялық-әдістемелік мәселелері.
2. Түркі халықтарының тарихы, мәдени-әдеби мұралары және оларды цифрландыру.
3. Қашықтан оқыту – қолжетімді білім берудің құралы.
4. Азаматтық құқық – әділетті мемлекеттің негізі.
5. Жеке кәсіпкерлік – әлеуетті экономиканың қозғаушы күші.
6. Жаратылыстану ғылымдары және IT технологиялар.
Made on
Tilda