Хабарландырулар

Білім алушылар назарына!

Білім алушылар назарына!

Silkway Халықаралық университеті "Академиялық адалдық" принциптерін одан әрі дамыту саясатын жалғастыруда. Осы орайда, Университет әкімшілігінің шешімімен білім сапасын және оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері жетілдірілді:

- емтихандар негізінен онлайн режимде компьютерлік тестілеу нысанында өткізіліп, міндетті түрде білім алушының жеке басын куәландыру (верификация) арқылы жүргізілетін болады;

- білім беру платформасының емтихан аяқталған күні кестеге сай автоматты түрде жабылу функциясы енгізілуде;

- білім алушыны сессияға жіберу туралы шешім тікелей ағымдағы бақылау жұмыстарын орындау және сабаққа қатысу көрсеткішіне байланысты қабылданады;

- бағаланатын жазбаша жұмыстардың бөтен мәтінді пайдалану деңгейі (курстық, дипломдық жұмыстар, магистерлік диссертация) 30% - дан аспайды,  бірегейлігіне қойылатын талаптар 30 %-дан 70% - ға дейін көтерілді, Яғни, плагиатқа қарсы автоматты түрде ақпараттық жүйеде тексеру нәтижесі белгіленген межеден төмен болмауы шарт.

Silkway университетінде  білім сапасын арттыруға бағытталған шаралар жүйелі түрде өз жалғасын таба береді!

Келісім шартта көрсетілген міндеттерді талапқа сай орындап, академиялық адалдықты бірлесе дамытамыз!
Made on
Tilda