Жаңалықтар

Бүгін Silkway Халықаралық университеті мен Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен бастау алған «Жастардың айтары бар» жобасының келесі саны болып өтті.

Жобада Шымкент қалалық маслихат депутаттығына үміткер, Шымкент қаласы, "Nur Otan" партиясы Еңбекші аудандық филиалы "Көркем" бастауыш партия ұйымының төрайымы, «Іскер әйелдер қауымдастығының» мүшесі Шунгараева Гуляим Әскерқызы бүгінгі заманның әйелдер қауымына қойып отырған талабын, іскер әйелдердің қоғамдағы рөлін, идеал әйел образын және бүгінгі әйелдер қауымы кімдерге қарап бой түзеуі керек екендігін айтты.
«Жастардың айтары бар» жобасының ұйымдастырушылары Шымкент жастары атынан Гуляим Әскерқызына Шымкент қалалық маслихат депутаттығына бақ сынауда сәттілік тіледі.
Made on
Tilda