Жаңалықтар

2020 жылдың 2 желтоқсан күні Silkway Халықаралық университетінде “ҚР Тұңғыш Президенті” күніне орай салтанатты жиын өтті

2020 жылдың 2 желтоқсан күні Silkway Халықаралық университетінде “ҚР Тұңғыш Президенті” күніне орай салтанатты жиын өтті. Жиын барысында университет президенті М.Б.Юнусов мырза барша профессор-оқытушылар мен білім алушыларды айтулы мерекемен құттықтап, атқарып жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, университетіміздің профессоры, п.ғ.д. Б.А.Тойлыбаев және белсенді студент Ә.Жақсыбекова өз баяндамаларын оқыды. Жиын соңында оқу орнымыздың президенті халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздарын, профессор Б.С.Юнусов атындағы білім грантының жеңімпаздарын, сонымен қатар оқытушыларды Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалының және Әл-Фараби ауданы әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.
Made on
Tilda