Жаңалықтар

Еңбекші ауданының әкімі «Жастардың айтары бар» жобасында сұхбат берді

Еңбекші ауданының әкімі «Жастардың айтары бар» жобасында сұхбат берді

Silkway Халықаралық университеті мен Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының біріге қолға алған «Жастардың айтары бар» жобасына Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ілиясов мырза сұхбат берді.
Сұхбатта жақсылық жасаудың қайыры, ақиқат пен шындық айырмасы, Еңбекші ауданындағы оң өзгерістер мен «Шымкент ТМД мемлекеттерінің мәдени астанасы-2020» жылы аясында ауданда атқарылған жұмыстар туралы сөз қозғалды.
Аудан әкімі өз сөзінде шынайылық пен тазалыққа ден қойылуы бүгінгі қоғам үшін аса маңызды екенін айтып, жастарды патриотизмге шақырды. Онымен қоса әкім «Жастардың айтары бар» жобасына сәттілік тілеп, жобаны «шынайылық пен ашықтыққа негізделген жоба» деп жоғары дәрежеде бағалады .
Made on
Tilda