Жаңалықтар

ҚазҰУ мен SWIU арасында жолдастық кездесу болып өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Silkway халықаралық университеті "Жалынды жастар" клубы арасында 7 ақпан күні пікірсайыстың АПФ форматында жолдастық кездесу болып өтті. Кездесу онлайн түрде "ZOOM" платформасында және инстаграм желісінде тікелей эфирде болды. Кездесуде карантин әсерінен потенциалы әлсіреген саланы анықтау мақсатында екі тарап өз ұсыныстарын дәлелдеді. Жолдастық кездесу қорытындысы пікірсайысқа төрелік еткен қазылар шешіміне орай екі тарап тең түсті. Алдағы уақытта да көптеген тәжірибе алмасулар жоспарлануда.
Made on
Tilda