Жаңалықтар

SWIU-дың “Шахан шері» командасы Шымкенттің үздіктері қатарында

SWIU-дың “Шахан шері» командасы Шымкенттің үздіктері қатарында

«Шымкент адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткен пікірсайыс ойынының телевизиялық кезеңінде Silkway Халықаралық университеті мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің командалары бақ сынады. Байқау ережесіне сәйкес командада мекеме қызметкері және студент болуы міндеттелген болатын. Оқу орнымыздың намысын бұл байқауда «Жалынды жастар» клубының ғылыми жетекшісі Арғынбай Рахат пен клуб президенті м.у.а Жорабек Сұлтан қорғады.
Пікірсайыс ойынының нәтижесіне орай оқу орнымыздың «Шахан шері» командасы айқын басымдылықпен байқаудың жеңімпазы атанды. Пікірсайыс ойынын алдағы уақытта "Оңтүстік" телеарнасынан көре аласыздар.
Made on
Tilda