Жаңалықтар

Құрметті профессор-оқытушылар және жалынды жастар!

Құрметті профессор-оқытушылар және жалынды жастар! Сіздерді тәуелсіз мемлекетіміздің айбынды мерекесі Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Бұл күн – бейбіт елдің тыныштығын қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір азамат үшін ерекше күн. Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы. Сіздерді 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілеймін! Ізгі ниетпен Silkway Халықаралық университетінің президенті, ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі, Ифтихар Бахтиярұлы Юнусов
Made on
Tilda