Жаңалықтар

SWIU президенті кубогына арналған пікірсайыс турнирі болып өтті

SWIU президенті кубогына арналған пікірсайыс турнирі болып өтті
Silkway Халықаралық университеті «Жалынды жастар» клубының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаhарман» атты SWIU президенті кубогына арналған жоғары оқу орындарының арасында өткен ашық қалалық турнирі өз мәресіне жетті.
Турнир қорытындысына орай «А» лигасы бойы Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ (Алматы қаласы) студенттері бірінші орынды иелені. Ал екінші және үшінші орынды М.Әуезов атынағы ОҚУ студенттері иеленді. Төртінші орынды Нархоз университеті қанжығасына байласа, туринирдің «Үздік спикері» атағын Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті иеленді.
Турирдің «Б» лигасында 1- орынды Тараз өңірлік университеті иеленді. Ал 2-орынды Абылай хан атындағы Халықаралық қатынас және әлем тілдері университеті студенттері иеленді. Ал 3-орынды ОҚМПУ студенттері иеленсе, төртінші орынды академик Ә. Қуатбеков атындағы ХДУ студенттері иеленді.
Турнирге қолдау білдірген SWIU президенті И.Б.Юнусов мырзаға қазақ пікірсайысының атынан зор алғысымызды білдіреміз!

Турнирге қатысқан аймақтар: Нұр-Сұлтан, Тараз, Алматы, Қарағанды, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Шымкент

Турнирге қатысқан жоғарғы оқу орындары:
1. Л.Н.Гумилев атынағы Еуразия ұлттық университеті (Нұр-Сұлтан қаласы)
2. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті (Алматы)
3. Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті (Алматы)
4. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (Қарағанды)
5. Тараз өңірлік унивеситеті (Тараз)
6. Нархоз университеті (Алматы қаласы)
7. СулейменДемирелуниверситеті (Алматы облысы)
8. Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжі (Тараз қаласы )
9. Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан қаласы)
10. М.Әуезов атындағы ОҚУ (Шымкент қаласы)
11. ОҚМПУ(Шымкент қаласы)
12. Халықаралық гуманитарлы-техникалық университеті(Шымкент)
13. Мирас университеті(Шымкент қаласы)
14. Ә.Қуатбеков атындағы ХДУ(Шымкент қаласы)
15. ОҚМА(Шымкент қаласы)
16. Қазығұрт ауданы
17. Шымкент қаласы оқушылары

Турнирде 28 команда бақ сынады
Made on
Tilda