Жаңалықтар

Іс-әрекеттегі қазақ-түрік ынтымақтастығы

2021 жылы 8 сәуірде Халықаралық Silkway университеті HIRMIZY GROUP бас директоры, Мұстафа Хурмузлу мырза және Орталық Азиядағы HIRMIZY GROUP аймақтық менеджері Анастасия Чай бастаған түрік делегациясын қарсы алып, HIRMIZY GROUP-пен (Түркия) халықаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
HIRMIZY GROUP - білім беру, консалтинг, аударма және денсаулық сақтау сияқты салаларда жетекші орынға ие көп салалы сервистік компания.
Халықаралық ынтымақтастық келісімі шеңберінде Халықаралық Silkway университетінің базасында HIRMIZY GROUP қолдауымен түрік тілін оқыту орталығы ашылды.
Коммуникативті тәсілді қолдайтын түрік тілін үйрену бағдарламасы European Common Application Text стандарттарына сәйкес, бір уақытта төрт тілдік дағдыларды дамытуға арналған (оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу). Курс 5 деңгейден тұрады: A1, A2, B1, B2 және C1. Әр курс 6 аптаға созылады және барлығы 96 сағат, сәтті аяқталғаннан кейін сертификат беріледі. HIRMIZY GROUP құраған және патенттелген TDS (түрік тілі емтиханы), түрік тілін шет тілі ретінде оқып жатқан студенттердің түрік тілінің деңгейін анықтайтын, емтихан тапсыруға мүмкіндік беретін және түрік тілін білетіндігін растайтын түрік тілінің онлайн емтихан жүйесі.
Халықаралық Silkway Университеті мен HIRMIZY GROUP арасындағы серіктестік өзара тиімді ынтымақтастықтың кепілі ретінде қызмет етеді және Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдениаралық диалог үшін халықаралық платформа құруға ықпал етеді.



Silkway Халықаралық университетінің Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық орталығы


Made on
Tilda