Жаңалықтар

Аудан әкімі Silkway Халықаралық университетін жоғары бағалады

 Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов мырза Silkway   Халықаралық университеті және Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының  ұйымдастыруымен бастау алған «Жастардың айтары бар» жобасының қонағы болды. Кездесу «Ұлт болмысындағы ер баланың орны» тақырыбында болып, ер жігіт бойында болуы керек қасиеттер мен ұлтқа қойылатын алғышарттар талқыланды.  
      Өз сөзінде аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов «Жастардың айтары бар» жобасына жоғары баға беріп, Silkway   Халықаралық университеті басшылығы мен студенттеріне зор алғысын білдірді. Университеттің білім мен ғылым
саласындағы жетістіктерін жоғары бағалап, оқу орнының болашағына сәттілік тіледі.
Made on
Tilda