Жаңалықтар

XVIII Республикалық пікірсайыс турнирі болып өтті

XVIII Республикалық пікірсайыс турнирі болып өтті
2020 жылдың 18 - қазан күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Nur Otan» партиясының ауыспалы кубогіне арналған XVIII Республикалық пікірсайыс турнирі ойындары өз мәресіне жетті.
Іс-шараның финалдық ойыны мен марапаттау кезеңіне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ш.Ж.Мұқан, ҚР БжәнеҒМ министрінің кеңесшісі Е.Мухамеджан, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Е.С.Бейсенбаев, Республикалық пікір-сайыс Федерациясының көшбасшысы Б.Бұхарбай, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары М.О.Қалмұратов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің проректоры Ж.Н.Базартай, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Д.Д.Жүнісов және Төлеби ауданы мәслихатының депутаты Қ.Әшірбаев қатысты.

Пікірсайыс турнирінің қорытындысына орай оқу орнымыздың студенті, белсенді пікірсайысшы Шидербай Әбдісаттар«Үздік төреші» номинациясын иеленді.
Made on
Tilda