Ғылым жаңалықтары

«Silkway Science Week – 2021» ғылым апталығы шақырады

Бүгін, 26 сәуір күні, Silkway Халықаралық университеті Ғылым және инновациялар бөлімінің ұйымдастыруымен «Silkway Science Week – 2021» ғылым апталығының ашылуы өтті.
Silkway Халықаралық университетінің ректоры М.А.Жаркинбеков мырза алғашқы құттықтау сөз алып, ғылым апталығының қатысушыларына сәттілік тіледі. Бүгінгі ғылым саласындағы жетістіктер – адамзаттың қызметінің нәтижесі. Цифрландырылған қоғамда тіршілік етудің басты бағдары – ғылым мен техниканың жаңалықтарына негізделген ғылыми білім нышаны болып отыр. Ғылым жолы – биік шың іспеттес танымның тұңғиыққа толы танымның формасы. Бүгінгі ғылым мен білім саласындағы ауқымды жетістіктер – бірнеше жылдар бойы әрбір тамшының көзіндей жинақталған адамзат баласының тәжірибесінің нәтижесі.


Теориялық білімнің мазмұнының тереңдей түсуі – ғылым мен білім берудің жаңа бағыттарына жол ашып қана қоймайды, сондай-ақ ғылыми көзқарастар мен ғылыми ой-сананың дамуына әсер ететіні сөзсіз. Ғылым жолында жүрген қызметкерлер, профессор-оқытушылар мен ғалымдарға белгілі, ғылыммен шұғылдану, ғылым жолына белшене араласып машықтану – үлкен ынта-жігерді, талпынысты, өзіндік талап қою мен жауапкершілікті қажет етеді.
Бүгінгі «Silkway Science Week – 2021» ғылым апталығының ашылуына онлайн форматта құттықтау сөздерін айтты:
1.     Түркия мемлекетінен Токат Газиосманпаша университеті Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті, түрік тілі мен әдебиеті бөлімінің басшысы Ержан Петек;
2.     Н.Назарбаев қоры жанындағы Ғылым бойынша кеңесінің төрағасы, әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жетекші қызметкері, «Философия» мамандығы бойынша PhD Ермек Токтаров;
3.     Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Ғылыми кадрларды даярлау басқармасының бастығы міндетін атқарушы, ф.-м.ғ.к. Гүлзада Баймбетова;
4.     Болашақ Университетінің ректоры, т.ғ.к. Қуаныш Дәуренбеков.

Жалпы 26-30 сәуір күндері аралығында «Silkway Science Week – 2021» ғылым апталығында: «Халықаралық ғылыми журналдарда мақала жариялаудың жолдары» атты семинар, «Мұғалімнің кәсіби шеберлігі – сапалы білім кепілі» атты мастер класс, «Европейские реформы и инновации в высшем образовании: гармонизация и внедрения в Казахстане» атты ғылыми-әдістемелік семинар, «Scopus және Web of science деректер базасында жұмыс жасау методологиясы» атты вебинар, «Жаратылыстану ғылымы мен білімі: мәселелер, тәжірибелер, мүмкіндіктер» атты республикалық семинар, «Новое в Казахстанском законодательстве: административная юстиция» атты дөңгелек үстел, «Ортағасырлық түркі әдеби жәдігерлерін зерттеп – зерделеудегі мәселелер мен негізгі міндеттер» атты семинар,  «Суггестивные технологии в работе психолога» атты халықаралық онлайн тренинг және «Техникалық және кәсіптік білім беруді көтерудің өзекті мәселелері» атты вебинар.



Сонымен қатар, «Silkway Science Week – 2021» ғылым апталығы 30 сәуір күні «Тәуелсіздіктің Жас ғалымдары - Жарқырасын!» тақырыбындағы Жас ғалымдар мен студенттердің Республикалық ғылыми-онлайн конференциясымен аяқталады.
Made on
Tilda