Хабарландырулар

Құрметті бірінші курс білім алушылар!

Құрметті бірінші курс білім алушылар!
Silkway Халықаралық университеті 2020-2021 оқу жылының 25 қаңтарынан бастап Сізді аралас оқыту форматында ұйымдастырылатын көктемгі семестрге шақырады. Дәрістер онлайн режимде (ZOOM және Microsoft Teams платформалары арқылы онлайн-конференциялар өткізіледі), қолданбалы сипаттағы семинарлар, зертханалық және практикалық сабақтар аралас форматта өтеді. Бірінші курс білім алушылардың 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрін ұйымдастыру барысында оқу сабақтарының кестесін әлеуметтік арақашықтық (бір студентке 5 шаршы метр) сақтап жылжымалы кесте белгіленеді, дәрістер арасындағы үзілістерде дәрісханаларды санитарлық тазарту, соның ішінде: ауаны дезинфекциялау және желдету жұмыстары жүргізіледі.
Медициналық орталықтар, тамақтану орындары, спорт залдары штатты режимде жұмыс істейді. Барлық тәрбиелік іс-шаралар онлайн режимде жүргізілетін болады.
Made on
Tilda