Ғылым жаңалықтары

Silkway Халықаралық университетінде Ноттингем университетінің ғалымымен вебинар өтті

2021 жылдың 2 сәуір күні Silkway Халықаралық университетінің «Іргелі және қолданбалы зерттеулер» Ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Академиялық жазылымның ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өтті. Вебинарға Ноттингем Университетінен (Ұлыбритания) филология ғылымдарының кандидаты, Білім саласындағы көшбасшылық пен менеджмент магистрі Оспан Еділбай Төлеубайұлы және Silkway Халықаралық университетінің «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Педагогика және психология» кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен докторанттар қатысты. Еділбай Төлеубайұлы академиялық жазылым бағытында біраз зерттеу жұмысын жүргізген, тәжірибесі мол белгілі ғалым.

Академиялық жазылымға оқыту – заманауи ғаламдық жоғары оқу орындарының миссиясымен – ғылыми-зерттеушілік, білім беру және қоғамдық-саяси тікелей байланысты болуы тиіс.

Қазіргі таңда ғылыми мәтіндерді жазу барлық зерттеушілік құзыреттіліктердің қайнар көзі іспеттес. Бүгінгі күні ғылыми қарым-қатынас орнату ұлттық немесе жекелей салалық шеңберде шектеліп қоймайды. Әлемдік деңгейде кез-келген жоғары оқу орындарында табысты оқытуға қажетті дағдылардың ең бастысы академиялық жазылым. Академиялық жазылым күрделі әрі
жоспарлы дағдылардың кешені, лингвистикалық және металингвистикалық құзыреттіліктерді қамтиды. Дәл осы дағдылар қазіргі кезде біздің жас мамандарға және білім алушыларға өте қажетті болып отыр.

Еділбай Төлеубайұлы өз баяндамасында студенттер үшін алғашқы зерттеу жұмысын қалай жүргізуді, ғылыми басылымдармен, кітаппен жұмыс жасауды үйрету жолдарын саралады. Ғылыми білімнің қалыптасуы мен оның тасымалдануы мәтін түрінде іске асырылады, яғни ғылыми ортада ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін жариялау, ал білім беру саласында – дипломдық, диссертациялық жұмыстарды жазу есептелетіндігі белгілі. Магистранттар үшін плагиат тақырыбында көкейкесті ойымен бөлісе келіп, кез-келген зерттеушінің бойында сын тұрғысынан ойлау, объективтілік пен өзгелердің көзқарастарын білуден қорықпау және оны құрметтей білу, талдау жасауды сөзге тиек етті. Педагогтар қауымына ғылыми мақалаларға қатысты академиялық жазылымның ерекшеліктері мен өз еңбектерін өзге де әріптестерге тексерту жұмысының маңыздылығын, сын-пікірді тыңдау арқылы өз қателіктерін жөндеуге мүмкіндік болатындығы атап өтті. Цифрландыру қоғамы жағдайында ғылыми басылымдар көлемі күрт артып келеді, ал жазбаша қарым-қатынас орнату ауызекі сөйлеу стиліне басымдылық танытып отыр және цифрлық технологияларды игеруді талап етеді. Ғалым академиялық мәтіннің ерекшеліктерін саралай келе, ғылыми мақалалар құрылымын, ғылыми әдеп принциптерін жүйеледі. Вебинар өз мақсатына жетті және ұжымның атынан Еділбай Төлеубайұлына өз тәжірибесімен бөліскені үшін үлкен алығысымызды білдіреміз.
Made on
Tilda