Ғылым жаңалықтары

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Батырбекұлы Мусинге IT жобалар таныстырылды.

Цифрлық қызметке мониторинг жүргізу бойынша өзінің сапары аясында министр Б.Мусин Шымкенттегі жалғыз жоғары оқу орны - SILKWAY International University.

Бүгін, 5 наурызда ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мусин Бағдат Батырбекұлы, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Саттыбаев Айбек Берікұлы, қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Әбдіраханов Әсет Маратұлы Swiu президенті И.Б. Юнусовпен және Silkway Халықаралық университеті базасында орналасқан "SmartHub" IT компанияларының жобаларымен кездесті, цифрландыру жөніндегі проректор Н.С. Жұматаев министрді әзірленген жобалармен таныстырды.

Бағдат Батырбекұлы барлық жобалармен мұқият танысты:
- "Ақылды жаяу жүргінші жолағы",
- "Anticovid" Жобасы",
- "Price Control",
- "Ақылды күнбағыс",
- "Ақылды есептегіш" жобаларды жоғары бағалады, авторлық куәліктерді алып, инновациялық жобаларды қаржыландыру бойынша конкурстарға және Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарға қатысуды ұсынды.

Сонымен қатар, ол Anticovid жобасын "СКУД"жүйесімен байланыстыратын болсақ, үлкен жұмыс болатынын атап өтті.
Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы SmartHub Astana HUB Халықаралық IT технопаркінің ресми өңірлік өкілі ретінде 2020 жылғы 12 қараша мен 24 желтоқсан аралығында алғаш рет өткізілген Accelerator 2020 бағдарламасының есебі таныстырылды.

Бағдарламаның 1 ағымында 39 стартап-жоба қабылданды, 15 стартап-жоба толық бағдарлама бойынша аяқталды. Бағдарламаға 18 сарапшы/трекер қатысты.
Made on
Tilda