Жаңалықтар

АУДАН ӘКІМІ «ЖАСТАРДЫҢ АЙТАРЫ БАР» ЖОБАСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ

АУДАН ӘКІМІ «ЖАСТАРДЫҢ АЙТАРЫ БАР» ЖОБАСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ

Университетіміздің «Жалынды жастар» клубы мен Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының біріге қолға алған «Жастардың айтары бар» жобасының келесі түсірілімі болып өтті.
Бұл жолы жоба қонағы Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Әліқұлов Абзал Шымкентбайұлы болды.
Жоба « Аға мен іні институты» тақырыбында өтті. Сұхбатқа аға мен іні арасындағы сыйластықтың маңызы, аға деген аттың салмағы мен іні деген атқа лайықтылық сыңды дүниелер арқау болып , бүгінгі ел ағаларының алдында тұрған міндеттер қозғалды.
Аудан әкімі жоба ұйымдастырушыларына сәттілік тілеп, жобаның бүгінгі таңда маңызы зор екенін айтты.
Made on
Tilda