Ғылым жаңалықтары

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы мен Silkway Халықаралық университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Бүгін, 2021 жылғы 12 наурызда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы мен Silkway Халықаралық университеті арасында кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлауға бағытталған өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері бойынша екі жақты келіссөздердің ресми кездесуі өтті. Екі тарап ынтымақтастықты жүзеге асыруға толық дайын екендіктерін білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Ректордың м.а. М.А. Жарқынбеков кездесу үшін МБА өкілдеріне алғысын білдіріп, "Экономика және бизнес" және "Педагогика және психология" кафедраларының ғана емес, сонымен қатар университеттің бүкіл ғылыми ұжымының ПОҚ-ын колоборациялау туралы ниетін білдірді. Өз кезегінде, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша директоры Нысанбаев Әділет Әділбекұлы Silkway Халықаралық университетінің ынтымақтастық аясында талқыланып жатқан жобалардың уақытылы жүзеге асырылуына дайындығына және бастамасына тәнті болды.
Made on
Tilda