Жаңалықтар

Белгілі спортшы SWIU-да

Silkway Халықаралық университеті мен Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы “Жастардың айтары бар» жобасының келесі түсірілімін жарыққа шығарды.
Жоба қонағы боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының және әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, «Парасат» орденінің иегері Мұхтархан Қабыланбекұлы Ділдәбеков сұхбат барысына өзінің спортқа қалай келгенін, бүгінгі ұлттық спорттың ахуалы мен былғары қолғап шеберлерінің болашағының жарқын екендігі туралы айтты. Жақында ғана «Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры болып сайланған Мұхтархан Ділабекұлы алдағы жоспарларымен бөлісіп, жастардың көкейде жүрген бірқатар сұрақтарына жауап берді.
Made on
Tilda