Жаңалықтар

SILKWAY халықаралық университеті Эрасмус+ жобаларын іске асыратын жоғары оқу орындарының қатарына кірді.


SILKWAY халықаралық университеті Эрасмус+ "Сreating synergies with hybrid teaching in water education - Су білім беру саласында аралас оқытумен синергия құру" (CREATE) жобаларын іске асыратын жоғары оқу орындарының қатарына кірді.
Еуропалық Комиссия қаржыландыратын Эрасмус+ бағдарламасының конкурстық іріктеуінен мына бағыттар бойынша : инновациялар мен озық тәжірибемен алмасу үшін ынтымақтастық және цифрлық білімге дайындық үшін серіктестік бойынша жоба сәтті өтті.
Жобаның міндеттері:
1.Су секторындағы цифрландыру, Автоматтандыру және кибер қауіпсіздік
2.Түлектерді жаһандық су проблемаларын шешу үшін маман ретінде даярлау
3.Халықаралық ұйымдар үшін сандық бақылау
4.Өмір бойы оқыту
5.Су білімін аралас оқытудың инновациялық сандық құралдары.
Жоба үйлестірушісі-Норвегия жаратылыстану ғылымдары университеті (NMBU). Жоба қатысушылары-АҚШ, Польша, Германия, Шри-Ланка, Қытай, Австралия, Қазақстан, Украина, Румыния, Израиль, Түркия, Кениядан келген 11 университет.
Made on
Tilda