Жаңалықтар

«Silkway Science Week – 2021» 2-ші күн. Мастер класс: «Мұғалімнің кәсіби шеберлігі – сапалы білім кепілі»

Бүгін 2021 жылдың 27 сәуір күні Silkway Science - 2021 ғылым апталығының аясында "Іргелі және қолданбалы зерттеулер" ҒЗИ ұйымдастыруымен (модератор А.Т.Ермекбаева) "Мұғалімнің кәсіби шеберлігі - сапалы білім кепілі" тақырыбындағы мастер - класс өтті. Өңіріміздің білім беру саласының, соның ішінде падагог -кадрларды даярлаудың қара шаңырағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті екені мәлім. Осы қара шаңырақта 30 жылдан астам еңбек етіп, студент жастарды білім нәрімен сусындатып келе жатқан ардақты ұстаз, Биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Халикова Гульмира Сатыбалдиевнаның қатысуымен онлайн форматта мастер класс ұйымдастырылды. Әдіскер ғалым, педагогтың шеберлік сағатына Silkway Халықаралық университетінің Ғылым және инновациялар бөлімі, Химия және биология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастар қатысты. Гульмира Сатыбалдиевнаның көп жылдық тәжірибесіне негізделген жаңа форматтағы педагогтарды даярлаудың алғышарттары, бүгінгі мектеп пен жоғары оқу орындары арасындағы оқыту әдістемесі, білім беру саласындағы реформалар, жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктерін егжей-тегжейлі атап өтті. Мастер класс өте мағыналы мәнге ие болып, тыңдаушылар тарапынан бірнеше сауалдарға жауап алынды. Екі жоғары оқу орындары арасында алдағы уақытта бірлескен іс-шаралар жоспарланып отыр.
Made on
Tilda