Ғылым жаңалықтары

Silkway Халықаралық университетінде М.Жабағинмен "ҚР Ғылым туралы Заңына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды талқылау және жинау" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Silkway Халықаралық университетінде М.Жабағинмен "ҚР Ғылым туралы Заңына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды талқылау және жинау"тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Талқылау барысында дөңгелек үстел тақырыбы бойынша көптеген сұрақтар қойылды, пікірталас мазмұнды және ашық болды. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша М.Жабағин ҚР Ғылым туралы заңын өзгерту бойынша барлық ұсыныстарды қорытындылай келе, жақын арада ҚР Сенаторлары алдында жария ететін болады.

Іс-шараны SWIU ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру бөлімі ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің модераторы SWIU ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Б. Жақыпбаев болды.

Дөңгелек үстелге Silkway Халықаралық университетінің декандары, кафедра меңгерушілері, ПОҚ және жас ғалымдары қатысты.

Доктор М. Жабағинге ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіреміз!
Made on
Tilda