Хабарландырулар

2020-10-05 Silkway Халықаралық университеті профессорлық-оқытушылық құрамның лауазымдарына конкурс жариялайды:

2020-10-05 Шымкент қаласы, Тоқаев көшесі, 27А ғимаратында орналасқан Silkway Халықаралық университеті профессорлық-оқытушылық құрамның лауазымдарына конкурс жариялайды:

«Тілдік пәндер» кафедрасы
профессор (қазақ тілі) – 1 бірлік
профессор (орыс тілі) – 1 бірлік
 аға оқытушы (орыс тілі) – 1 бірлік
оқытушы (орыс тілі) – 1 бірлік
«Шетел филологиясы» кафедрасы
аға оқытушы (ағылшын тілі) – 1 бірлік
оқытушы (ағылшын тілі)  – 1 бірлік
 «Химия және биология» кафедрасы
 кафедра меңгерушісі – 1 бірлік
профессор (химия) – 1 бірлік
профессор (биология) – 1 бірлік
доцент - 1бірлік
аға оқытушы – 1 бірлік
оқытушы – 1бірлік
«Информатика және математика» кафедрасы
 аға оқытушы – 2 бірлік
 оқытушы – 1 бірлік
«Дене шынықтыру және әскери дайындық» кафедрасы
аға оқытушы – 3 бірлік
оқытушы – 2 бірлік
 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасы
 аға оқытушы – 1 бірлік
 «Әлеуметтік-құқықтық пәндер» кафедрасы
аға оқытушы – 1 бірлік
 «Қазақстанның қазіргі заман тарихы және география» кафедрасы
оқытушы – 1 бірлік
 «Педагогика және психология» кафедрасы
профессор – 1 бірлік
аға оқытушы – 1 бірлік

Өтініш беру мерзімі: осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей.
Құжаттар қабылдаудың соңғы күні мен уақыты: 20.10.2020 ж., сағ. 18-00 (қоса алғанда).
Хабарласу мекенжайы: 160011, Шымкент қаласы, Тоқаев көшесі 27А ғимарат, 2-қабат №207 каб., e-mail: swiu.kk@mail.ru, тел. +7 (7252) 53-59-48, +7702-627-36-26

Өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:
  • Жеке куәліктің көшірмесі;
  • Кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;
  • Өмірбаян;
  • Жоғары немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломның және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі және (немесе) ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  • Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы соңғы бес жыл бойынша сертификаттардың (бар болған жағдайда) көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  • Ғылыми енбектері (бар болған жағдайда);
  • Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен №086 нысандағы медициналық анықтама немесе жеке медициналық кітапша;
  • Конкурс жарияланған күнге дейін бір ай аралығында берілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің анықтамасы;
  • Конкурс жарияланған күнге дейін бір ай аралығында берілген Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есепте тұрмайтындығы туралы наркологиялық және психоневрологиялық ұйымның анықтамасы.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген Университеттің қызметкерлері келесі құжаттарды тапсырады:
  • конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш;
  • кафедраның ұсынысы (кафедра мәжілісінің хаттамасы).
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты (алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар) және біліктілігі мен жұмыс тәжірибесіне қатысты қосымша ақпаратты бере алады.
Конкурсқа қатысушы өтінішін қосымша құжаттарымен бірге конкурсқа қатысу үшін электронды түрде аталған хабарландыруда көрсетілген Университеттің электронды мекен жайына жібере алады. Форс-мажорлық жағдайларды есептемегенде, үміткер құжаттардың түпнұсқаларын конкурстық комиссияның отырысы күнінде ұсынады.
Made on
Tilda