Жаңалықтар

Халықаралық байланыс дамып келеді

 2020 жылдың 5 қазанында SILKWAY Халықаралық университеті Қытайдың жетекші педагогикалық университеті Шэньян педагогикалық университетімен (SNU) халықаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Ынтымақтастық жоғары оқу орындарының Жібек жолы елдері университеттері қауымдастығына мүшелігі шеңберінде іске асырылуда.

   1951 жылы негізі қаланған Шэньян педагогикалық университеті педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламаларының кең спектрі бойынша оқытуды жүзеге асырады және QS Asia World Rankings рейтінгінде 251-ші орын алады. Осы күнге дейін SNU 70 мыңнан астам мұғалімді дайындаған, олардың көпшілігі әлемнің әртүрлі елдерінде педагогикалық қызмет атқарады.

Халықаралық ынтымақтастық туралы қол қойылған шарт шеңберінде профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің академиялық ұтқырлығы бағдарламалары, бірлескен зерттеу және білім беру жобаларын әзірлеу басталды.

Made on
Tilda