Ғылым жаңалықтары

"2021-2023 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру конкурсы (ҚР БҒМ)" тақырыбында вебинар өтті.

Бүгін, Silkway Халықаралық университетінде Жобаларды басқару орталығының басшысы Есенов Мақсат Кенжетайұлы "2021-2023 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру бойынша Конкурс (ҚР БҒМ)" тақырыбында гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға өтінімдерді дайындау бойынша вебинар өткізді.

Вебинарға SWIU ғалымдары, декандары, кафедра меңгерушілері, ПОҚ және жас ғалымдар қатысып, өздерінің ғылыми бағыттары бойынша жоба ұсынуға сұрақ-жауап өтті. Сондай-ақ, гранттық қаржыландыру бойынша ғылыми жобаларды дайындауға талпыныстары бар екендігін танытты.

Айта кетейік, 2021 жылы Silkway Халықаралық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Молдабек Құлахмет "Ақпараттық технологиялар арқылы бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру" тақырыбындағы №6 басымдық бойынша №3 отырыс хаттамасына №2 үзінді-көшірме негізінде ҰҒК шешімімен 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар конкурсы бойынша 32 322 596 теңге сомасына мақұлданғанын хабарлаймыз.
Made on
Tilda