Ғылым жаңалықтары

«Silkway Science Week – 2021» 3-ші күн. Республикалық семинар: «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫ МЕН БІЛІМІ: МӘСЕЛЕЛЕР. ТӘЖІРИБЕЛЕР. МҮМКІНДІКТЕР»

«Silkway Science Week – 2021» 3-ші күні «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫ МЕН БІЛІМІ: МӘСЕЛЕЛЕР. ТӘЖРИБЕЛЕР. МҮМКІНДІКТЕР» атты Республикалық семинармен аяқталды. 

Республикалық семинарды Silkway Халықаралық университетінің Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, PhD  Жакипбаев Бибол Ермұратұлы құттықтау сөзбен ашты.

Республикалық семинарда келесі баяндамалар тыңдалды;
- Баяндама: «Қашықтықтан оқыту жағдайында студенттердің әлеуметтенуі» (Университет мысалында).  Іргелі және қолданбалы зерттеулер ҒЗИ жетекшісі, Химия және биология кафедасының аға оқытушысы, PhD А.Т.Ермекбаева.
- Баяндама: «Білім беру саласында қолданылатын қашықтан оқыту модельдері және технологиялары».  М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент, АМА корреспондент-мүшесі Х.Ә.Аубакиров.
-  Баяндама: «Химиядан оқулықтар мен оқу құралдарын құрастырудың дидактикалық негіздері».  Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Химия білім бағдарламасы бойынша аға оқытушы, PhD К.У.Ильясова.
-  Баяндама: «Жамбыл облысында таралған көкөніс дақылдарының зиянкестері».
Халықаралық Тараз инновациялық институты, Биология және ауыл шаруашылық мамандықтар кафедрасының доценті м.а., а.ш.ғ.к. Қ.Ж.Сейтбаев.
-  Баяндама: «Қашықтан оқуда білім алушылардың жоба жұмысы, әдістемесі».
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, а.ш.ғ.к. Г.С.Халикова.
-  Баяндама: «Кейс-технологиясы арқылы жаратылыстану пәндерінен сабақ беру әдістері».
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, Химия, биология және география кафедрасының оқытушысы Қ.Қ.Хамитова.
Made on
Tilda