Ғылым жаңалықтары

«ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫ – ЖАРҚЫРАСЫН!» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ЖАС ҒАЛЫМДАР МЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯСЫМЕН «SILKWAY SCIENCE WEEK – 2021» ҒЫЛЫМИ АПТАЛЫҒЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫ – ЖАРҚЫРАСЫН!» тақырыбындағы Жас ғалымдар мен студенттердің Республикалық ғылыми-онлайн конференциясымен «SILKWAY SCIENCE WEEK – 2021» ғылыми апталығы өз мәресіне жетті.

Жас ғалымдар мен студенттердің Республикалық ғылыми-онлайн конференцияны Silkway Халықаралық университетінің Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, PhD Жакипбаев Бибол Ермұратұлы құттықтау сөзбен ашты.

Конференцияның модераторы - PhD, Жас ғалымдар және СҒЗЖ ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру бөлімінің басшысы, Silkway Халықаралық университеті Жаникулов Нурғали Надырұлы.

Жас ғалымдар мен студенттердің Республикалық ғылыми-онлайн конференциясында келесі баяндамалар мен құттықтау сөздер тыңдалды;
- Баяндама: Silkway Халықаралық университетінің РhD докторанты, Б.С. Юнусов атындағы Білім грант иегері, Тақырыбы: «Роль и значения обладателей гранта имени Б.С. Юнусова в развитии университетской науки» Жанзакова Меруерт Айдаровна (Шымкент қ.);

- Құттықтау сөз: Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» басшысы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның РhD докторанты, Түркістан облысы мәслихатының депутаты, Өміртай Амалбек Дәркенұлы (Түркістан қ.);


- Құттықтау сөз: Edu-Skills халықаралық жастар қорының президенті, Akil Mohammad (Нью-Дели қ., Индия);


- Құттықтау сөз: Биохимия, жасушалық Биология және Фармакология мамандығы бойынша MPhil/PhD (ғылыми магистратура мен докторантураның интеграцияланған бағдарламасының кандидаты),MD Молекулалық Биоғылым Институты, Квинсленд Университеті, Қуанышбек Әлібек Берікұлы (Квинслендқ., Австралия);

- Құттықтау сөз: Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Ветеринарлық санитария бойынша PhD, қауымдастырылған профессор, Әлиханов Қуантар Дәуленұлы (Алматы қ.).


Жас ғалымдар мен студенттердің республикалық ғылыми-онлайн конференциясы келесі секциялық отырыспен жалғасты: Секция 1. «Педагогика», Секция 2. «Филология», Секция 3. «Жаратылыстану және экономика».


«Silkway Science Week – 2021» ғылыми апталығын қорытындылай келе «ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫ – ЖАРҚЫРАСЫН!» атты Жас ғалымдар мен студенттердің Республикалық ғылыми-онлайн конференциясының еңбектер ЖИНАҒЫ шығарылатын болады.

Made on
Tilda