Ғылым жаңалықтары

Шымкент қаласы бойынша "Атамекен" ҰКП Silkway халықаралық университетімен бірлесіп жақын арада бірнеше маңызды жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Шымкент қаласы бойынша "Атамекен" ҰКП Silkway Халықаралық университетімен бірлесіп жақын арада бірнеше маңызды жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

ҰКП өкілдерімен серіктестік форматта жұмыс кездесуі өтті: Адам капиталын дамыту бөлімінің бастығы Мақсат Өткелбаев, 1 - санатты сарапшы Ақниет Әбдіқадырова. Кездесу барысында ШОБ басым бағыттары бойынша 2 әлеуметтік маңызды жобаны іске қосудың нақты мүмкіндіктері талқыланды.

Айта кету керек, "Атамекен" ҰКП Шымкент қаласы бойынша Silkway Халықаралық университетімен серіктестік келісім аясында 2019 жылдан бері ынтымақтасып келеді.
Made on
Tilda