Хабарландырулар

ExcellentEducationalCentre және "Nur-Com-Tel" Шымкент қаласындағы AstanaHub өңірлік серіктесінің қолдауымен студенттер стартаптары арасында «İnnovasialyqbastau 2021» өңірлік конкурсын ұйымдастырады.

ХАБАРЛАНДЫРУ


Документті жүктеу
Жастардың инновациялық әлеуетін ашу, кәсіпкерлік белсенділігін дамыту, студенттердің инновациялық жобаларды басқару саласындағы дағдыларын дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында ExcellentEducationalCentre және "Nur-Com-Tel" Шымкент қаласындағы AstanaHub өңірлік серіктесінің қолдауымен студенттер стартаптары арасында «İnnovasialyqbastau 2021» өңірлік конкурсын ұйымдастырады.
Конкурс екі кезеңде өткізіледі: бірінші кезең 2021 жылғы 22-24 мамырда, екінші кезең – 2021 жылғы 25 мамырда (жобалар тұсаукесері).
Конкурстың тақырыптық номинациялары
- IT технология саласындағы үздік стартаптар
- Білім беру саласындағы үздік стартаптар
- Өнеркәсіп саласындағы үздік стартаптар
- Бизнес саласындағы үздік стартаптар
Конкурстың арнайы номинациялары
«Үздік экспортқа бағдарланған инновациялық жоба» номинациясы.
«Үздік өңірлік жоба» номинациясы.
«Шағын кәсіпкерлік саласындағы үздік инновациялық жоба» номинациясы.
«Үздік шағын инновациялық кәсіпорын құру немесе дамыту жобасы» номинациясы.
Конкурсқа қатысу үшін ұйымдастырушылық жарна 10 мың теңгені құрайды.
Сіздің студенттеріңізді аталған конкурсқа қатысуға шақырамыз. Конкурсқа қатысу үшін инновациялық жоба немесе стартап сипаттамасы бар өтініштіexcellent.kaz@bk.ru электронды мекенжайына жіберу керек.



«Innovasialyq BASTAU 2021» студенттік стартаптар байқауы туралы ереже
Made on
Tilda