Жаңалықтар

Польша компаниялары өкілдерінің Халықаралық Silkway университетіне сапары

Ағымдағы жылдың 14-қазанында Silkway халықаралық университетіне Польша Республикасынан Польша-Қазақстан сауда-өнеркәсіптік палатасының қолдауымен «FALUBAZ POLSKA Spółka Akcyjna S.K.A.» корпорациясының президенті Петр Гвизд, «AMG-TDF ARKADIUSZ GRACZYK» фирмасының президенті Аркадиуш Грачык және аталмыш палатаның Қазақстан филиалының директоры Хмура Дариуш келді. Кездесу барысында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру, кадрларды даярлау, тәжірибе алмасу мақсатында екіжақты меморандумға қол қойылды.



Made on
Tilda