Хабарландырулар

КОНКУРС МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ!!!



Құрметті білім алушылар!
Silkway Халықаралық университетінің негізін қалаушы, профессор Юнусов Бахтияр Саидұлы атындағы БІЛІМ ГРАНТЫН тағайындау үшін ғылыми жобалар КОНКУРСына өтінімдер қабылдау мерзімі 2020 жылдың 13 қарашасына дейін ұзартылғанын хабарлаймыз!
Конкурсқа 1-2 курс студенттері, 1-курс магистранттары мен 1 курс докторанттары қатыса алады.
Конкурстың мақсаты - жастарды ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу, инновациялық идеяларын жүзеге асыруға ынталандыру болып табылады.
Конкурс 3 кезеңде өткізіледі:
1-кезеңде қатысушылар сауалнама мен өтінішті (PDF форматта) nauka_ukpu@mail.ru электронды почтасына жібереді (2020 жылдың 10 қарашасына дейін);
2-кезеңде қатысушылар Silkway Халықаралық университетінің тарихы, профессор Б.С.Юнусовтың өмірі және ғылым туралы сұрақтарға (тест) жауап береді, ғылыми жобаларын қорғайды (23-24 қараша 2020ж.).
3-кезеңде Конкурс жеңімпаздары анықталады (5 күн ішінде).
Жеңімпаздар таңдаған мамандығы бойынша 100% білім грантына және ай сайынғы шәкіртақыға (степендияға) ие болады.
Барлық сұрақтар бойынша деканаттарға, Ғылым және инновация бөлім (216 каб.) хабарласуларыңызға болады.
Конкурс ережесімен Silkway Халықаралық университеті сайтынан таныса аласыздар (swiu.edu.kz).

@ nauka_ukpu@mail.ru swiu.kz

Ғылым және инновация бөлімі
Made on
Tilda