Ғылым жаңалықтары

"Химия және биология" кафедрасының студенттері мен магистранттары кафедра ғалымдарының ғылыми жетекшілігімен ҚазҰАУ-дың 2 апталық халықаралық қысқы мектебіне онлайн форматта қатысты.

"Химия және биология" кафедрасының студенттері мен магистранттары кафедра ғалымдарының ғылыми жетекшілігімен (б.ғ.к., асоц.проф.Ибрагимов Т. С. және А.ш.ғ.к., Өмір туралы ғылыми орталығының жетекшісі Жигитеков Т.А.) онлайн форматта ҚазҰАУ-дың 2 апталық халықаралық қысқы мектебіне қатысты.
Халықаралық Қысқы мектеп-2021 мақсаты жаңа білім алу, Инновациялық технологиялар мен ғылыми зерттеулер жүргізу әдістемелерін игеру болып табылады.
Silkway Халықаралық университетінің қатысушылары ECTS 5 кредитін меңгере отырып, өздерінің халықаралық үлгідегі сертификаттары мен транскриптерін алды.
Қысқы мектептің жұмысы барлық қатысушылардың күш-жігері қажетті нәтижеге әкелгенін көрсетті. Ол ғалымдар, студенттер, магистранттар мен докторанттар арасындағы Халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығын нығайтудың" алтын көпіріне " айналды. Қорытындысы бойынша сертификаттар табысталып, жас ғалымдар арасында байланыс орнатылды
Made on
Tilda