Жаңалықтар

Профессор Б.С.ЮНУСОВ АТЫНДАҒЫ БІЛІМ ГРАНТЫ ғылыми жобалар конкурсы өтті

Профессор Б.С.ЮНУСОВ АТЫНДАҒЫ БІЛІМ ГРАНТЫ

ғылыми жобалар конкурсы өтті


2020 жылдың 17-24 қараша күндері SILKWAY Халықаралық университетінде жастарды ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу мақсатында жыл сайын ұйымдастырлатын профессор Бахтияр Саидұлы Юнусов атындағы білім гранты үшін ғылыми жобалар конкурсы өз мәресіне жетті.
Конкурс мақсаты - жастарды ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу, инновациялық идеяларын жүзеге асыруға ынталандыру, білім алушылардың кәсіби салада білімдерін арттыру және байытуды қалайтын талантты білім алушыларды қолдау
Конкурсқа 1-2 курс студенттері, 1-курс магистранттары қатысты.
1-кезеңде қатысушылардың сауалнамасы мен өтініштері, тақырыптың өзектілігі сарапталды.
2-кезеңде қатысушылар унивесритет тарихы, Б.С.Юнусовтың өмірі және ғылым туралы тест сұрақтарына жауап беріп, , ғылыми жобаларын қорғады.
2 кезең нәтижесі бойынша 67 студенттің 10-ы, ал 16 магистранттың 3-і грант иегері атанды. Олар:
    
Бакалавр
1.    Атабекова МухлисаРустамбековна 113-92 тобының студенті;
2.    Жахангер Айаулым Мұратқызы 101-91 тобының студенті;
3.    Байділдаев Ерназар Ұланұлы157-93 тобының студенті;
4.    Хикматханова Гулчехра Мурадхановна 109-03 тобының студенті;
5.    Наурызбай Талғат Әділханұлы 149-91 тобының студенті;
6.    Абдикадирова Умида Абдикаюмовна 212-91 тобының студенті;
7.    Қожахан Дәулет Кенжебекұлы 157-93 тобының студенті;
8.    Сариева Диляфруз Кахрамановна 118-95 тобының студенті;
9.    Халикова Гулнора Анвар қызы 118-91 тобының студенті;
10.                      Нурлибаева Сабина Нуржановна 118-91 тобының студенті;
Магистранттар
11.                      Егизова Айдана Мақұлбекқызы МО12-20 тобының 1 курс магистранты;
12.                      Жунисова Илмира Аралбайқызы МО12-20 тобының 1 курс магистранты;
13.                      Даутова Ұлбала Айратқызы МО13-20 тобының 1 курс магистранты.

Конкурс жеңімпаздары таңдаған мамандығы бойынша 100% білім грантына және ай сайынғы шәкіртақыға (степендия) ие болады, ал ғылыми жетекшілерінің жалақасына шәкіртақының 20% көлеміндей үстеме ақы тағайындалады.



Made on
Tilda