Хабарландырулар

Silkway Халықаралық университеті Юнусов Бахтияр Саидұлы атындағы білім гранты үшін ғылыми жобалар БАЙҚАУЫН жариялайды!

Silkway Халықаралық университеті Юнусов Бахтияр Саидұлы атындағы білім гранты үшін ғылыми жобалар БАЙҚАУЫН жариялайды!
Байқауға 1-2 курс студенттері, 1-курс магистранттары мен 1 курс докторанттары қатыса алады.
Байқаудың мақсаты - жастарды ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу, инновациялық идеяларын жүзеге асыруға ынталандыру.
Конкурс 3 кезеңде өткізіледі:
1-кезеңде қатысушылар сауалнама толтырып, өтініш беруі керек (2020 жылдың 10 қарашасына дейін);
2-кезеңде қатысушылар Silkway Халықаралық университеті, Б.С.Юнусовтың өмірі және ғылым туралы сұрақтар (тест), ғылыми жобаны қорғау (16-17 қараша 2020ж.);
3-кезеңде байқау жеңімпаздарын анықтау (5 күн ішінде).
Жеңімпаздар таңдаған мамандығы бойынша 100% білім грантына және ай сайынғы шәкіртақыға (степендия) ие болады.
Барлық сұрақтар бойынша Ғылым және инновация бөліміне (+7753050062 Мамырқұл Гүлнұр) (216 каб) және деканаттарға хабарласуларыңызға болады.
Байқау ережесімен Silkway Халықаралық университеті сайтында танысуға болады (ukpu.kz).
@ nauka_ukpu@mail.ru science_ukpu Gylym Oqpu
Ғылым және инновация бөлімі
Made on
Tilda