Ғылым жаңалықтары

2021 жылғы 26 мамыр күні Назарбаев Университеті Қазақ тілі және түркология кафедрасы ұйымдастырған түркітану туралы дәрістер топтамасы өтті.

2021 жылғы 26 мамыр күні Назарбаев Университеті Қазақ тілі және түркология кафедрасы ұйымдастырған түркітану туралы дәрістер топтамасы бойынша вебинарда Silkway халықаралық университеті «Түркология» ғылыми орталығының жетекшісі Сейсенбай Құдасов «Армян жазуымен сақталған қыпшақ ескерткіштері» деген тақырыпта дәріс өткізді.
Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғалымдарымен қатар шет елдердің ғалымдары да қатысқан жиынды АҚШ Висконсин-Мэдисон университетінің профессоры, Назарбаев университеті Қазақ тілі және түркітану кафедрасының меңгерушісі, түркітанушы-ғалым, профессор Юлай Шамилоғлу жүргізіп отырды.
Made on
Tilda