Жаңалықтар

«Кітап - маржан» акциясы болып өтті

«Кітап - маржан» акциясы болып өтті
Кітап - адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов.
14 ақпан- Халықаралық кітап сыйлау күніне орай университетіміздің белсенділерінен құралған "Жалынды жастар"клубы «Кітап-маржан» акциясын өткізді.Белсенділер акция барысында қаламыздың 50-ге тарта тұрғындарына руханиятымыздың темірқазығы болып саналатын кітап сыйланды.
Made on
Tilda