Қонақтарды Silkway Халықаралық университетінің президенті Юнусов Ифтихар Бахтиярұлы, университет ректоры Жарқынбеков Мұрат Асанұлы күтіп алды.
ІТ жобаларды Silkway Халықаралық университетінің цифрландыру жөніндегі проректор, PhD Жұматаев Нұрлыбек Срайылұлы таныстырды.
Бағдат Батырбекұлы барлық жобалармен мұқият танысып, «Ақылды жаяу жүргіншілер жолағы», «Anticovid жобасы», «Price Control», «Ақылды күнбағыс», «Ақылды есептегіш» т.б. жобаларды жоғары бағалап, ииновациялық жобаларды қаржыландыру конкурстарына және авторлық куәліктер алып, мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысуды ұсынды.
Сонымен бірге Anticovid жобасын «СКУД» жүйесімен байланыстырса үлкен жұмыс болатынын атап өтті.
Сондай-ақ, SmartHUBтың Astana HUB халықаралық IT технопаркінің Шымкент қаласындағы Аймақтық ресми өңірлік өкілі ретінде 2020 жылғы 12 қараша мен 24 желтоқсан аралығында алғаш рет өткізілген Accelerator 2020 бағдарламасының есебі таныстырылды. Бағдарламаның 1 ағымына 39 стартап-жоба қабылданды, 15 стартап-жоба толық бағдарламадан бітіріп шықты. Бағдарламаға 18 сарапшы/трекер қатысты.