Жаңалықтар

ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ ОҚУ ОРНЫМЫЗДЫ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ

ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ ОҚУ ОРНЫМЫЗДЫ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ
Университетіміздің «Жалынды жастар» клубы мен Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының біріге қолға алған «Жастардың айтары бар» жобасының келесі түсірілімі болып өтті.
Жоба «Жастар мен мәдениет» тақырыбында өтіп, бұл жолғы жоба қонағы Күлия Айдарбекова әпкеміз болды.
Сұхбат барысында ҚР мәдениет қайраткері, журналист, жазушы Күлия Айдарбекова жастардың мәдениеті туралы сөз қозғады. Мәдениеттің өлшемі, мәдениет пен өркениет және жастардың ішкі мәдениеті туралы ашып айтып, қоғамдық сананы қалыптастырудың жолдарын ұсынды.
Университет ректоры А.Ж.Едилханов жоба қонағын арнайы қабылдып, биылға 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Жоба қонағы университетің ғылыми және материалдық базасымен танысып, жоғары баға берді. Оқу орнымыздың студенттеріне сәттілік тіледі және «Жастардың айтары бар» жобасын қашан да қолдауға дайын екендігін жеткізді.
Made on
Tilda