Педагогикалық факультет
Исманова Рабига Жолдасовна
п.ғ.к., доцент м.а
Толығырақ
Педагогикалық білім – білім беру жүйесінің негізі болып саналса, мұғалім – оның басты фигурасы. Педагог қашан да әлеуметтік жетілген, шығармашылық тұлға әрі әдіс-тәсілдердің барлық түрлерін меңгерген құзыретті маман болып саналады. Бұл дегеніміз, педагог – кәсіби жетілуге қабілетті әрі талпынатын тұлға.

Педагогика факультеті – инновациялық педагогикалық технологияларды құрастыру мен апробациялау бойынша зертхана іспеттес. Факультеттің оқытушылар мен студенттері педагогикалық үдеріске белсене араласып, өздігімен жетілу мен өсуге әрдайым талпынып отырады.

Өзінің көп жылдық тарихында факультет аймақтың жоғары білікті мамандарына деген қажеттіліктеріне толық сай келетін 500-ден астам бастауыш мектеп мұғалімдерін, жоғары оқу орындары, колледждердің оқытушыларын, мектепке дейінгі білім беретін мекемелердің тәрбиешілері мен әдіскерлерін, практикалық психологтарды, логопедтерді, дефектологтарды, арнайы қызметкерлерді, әлеуметтік педагог-психологтарды, әлеуметтік педагогтарды дайындап, шығарды.

Кафедралар
Made on
Tilda