8D011 – Педагогика және психология Докторантурасының білім беру бағдарламасы философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін бере бағытталған, білім алушылардың Мемлекеттік Жалпыға Міндетті Білім беру Стандарты белгіленген талаптарға сәйкес білім беру нәтижелеріне қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметінің мақсаттарын, міндеттерін, жоспарланған нәтижелерін, мазмұны мен ұйымдастырылуын айқындайды және университет оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, инновациялық және оқудан тыс іс-әрекеттерді қамтамасыз етеді.
8D011 – Педагогика және психология докторантурасының Білім беру бағдарламасы пәндерді оқытудың модульдік жүйесі негізінде жобаланған. Бағдарлама теориялық оқытудан, базалық циклдар мен негізгі пәндерден, практикалық және ғылыми-зерттеу практикаларынан, ғылыми және кәсіби тағылымдамалардан, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен қорытынды аттестаттаудан тұрады.
Білім беру бағдарламаның миссиясы 8D011 "Педагогика және психология" мамандығы бойынша қоғам мен еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыратын болашақ бәсекеге қабілетті мамандар үшін лайықты білім беру болып табылады.
8D011– "Педагогика және психология" мамандығы бойынша докторанттарды даярлаудың модульдік білім беру бағдарламасының мақсаты білімнің фундаменталдығын сақтай отырып, әлемдік үрдістерді ескере отырып, білім беру стандарттары мен бағдарламаларын біріздендіру негізінде білім берудің қазіргі заманғы сапасын қамтамасыз етіп, қоғамның зияткерлік, инновациялық әлеуетін дамыту, кәсіби білім беруді гуманитарлық мәдениетін дамыта отырып, рухани бай, зияткер және әлеуметті жауапкершілігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады.