Білім беру бағдарламалары
6В011 Педагогика және психология
6B011 Педагогика және психология Білім беру бағдарламасы білім бакалавры академиялық дәрежесін бере отырып, мамандарды даярлауға бағытталған. Білім алушылардың Мемлекеттік Жалпыға Міндетті Білім беру Стандарты белгіленген талаптарға сәйкес білім беру нәтижелеріне қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Бакалавриат деңгейінде білім беру қызметінің мақсаттарын, міндеттерін, жоспарланған нәтижелерін, мазмұны мен ұйымдастырылуын айқындайды және университет оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, инновациялық және оқудан тыс іс-әрекеттерді қамтамасыз етеді.

6M011 Педагогика және психология білім беру бағдарламасы пәндерді оқытудың модульдік жүйесі негізінде жобаланған және әмбебап және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыратын 12 модульден тұрады.

Білім беру бағдарламасында міндетті бөлім және білім беру қатынастарына қатысушылар қалыптастыратын таңдаулы бөлімнен құралған. Міндетті бөлім Мемлекеттік Жалпыға Міндетті Білім беру Стандарты талаптарын толық көлемде орындайды және 51 кредиттен құралған, жоғары оқу орны компоненті 77 кредитті құрайды, білім алушылар қалыптастыратын вариативтік бөлім 100 кредитті құрайды, қорытынды аттестаттау 12 кредитті құрайды.

Білім беру бағдарламасының миссиясы: қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын болашақ педагог-психологтар үшін лайықты білім беру.

Білім беру бағдарламасының мақсаты: педагог-психологтарды кәсіби қызметті жүзеге асыруға дайындау және білім беру мекемесінің әлеуметтік саласын үйлестіре алатын, адамға психологиялық көмек және қолдаукөрсете алатын мамандарды даярлауды негіздейді.
6В019 Дефектология
6B019 Дефектология білім беру бағдарламасы – Білім беру бағдарламасы білім бакалавры академиялық дәрежесін бере отырып, мамандарды даярлауға бағытталған. Білім алушылардың Мемлекеттік Жалпыға Міндетті Білім беру Стандарты белгіленген талаптарға сәйкес білім беру нәтижелеріне қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Бакалавриат деңгейінде білім беру қызметінің мақсаттарын, міндеттерін, жоспарланған нәтижелерін, мазмұны мен ұйымдастырылуын айқындайды және университет оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, инновациялық және оқудан тыс іс-әрекеттерді қамтамасыз етеді.

Білім беру бағдарламасы пәндерді оқытудың модульдік жүйесі негізінде жобаланған және әмбебап және кәсіби құзыреттерді қалыптастыратын 14 модульден тұрады.

Білім беру бағдарламасында міндетті бөлім және білім беру қатынастарына қатысушылар қалыптастыратын бөлік бар. Мемлекеттік Жалпыға Міндетті Білім беру Стандарты белгіленген талаптарын толық көлемде орындап, 51 кредитті құрайды, жоғары оқу орны компоненті 77 кредитті құрайды, білім алушылар қалыптастыратын вариативтік бөлімі 100 кредитті құрайды, қорытынды аттестаттау 12 кредитті құрайды.

Білім беру бағдарламасының миссиясы – қоғам мен еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыратын болашақ логопедтер мен олигофренопедагогтар үшін лайықты білім беру.

Білім беру бағдарламасының мақсаты мүмкіндігі шектеулі балалармен түзету-педагогикалық қызметті тиімді жүзеге асыруға дайын логопед-мұғалімді, олигофренопедагогты даярлау болып табылады.
6В018 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
6B018-Әлеуметтік педагогика және өзін – өзі тану бағдарламасы студенттерге бакалавр академиялық дәрежесін беріп, білім алушылардың Мемлекеттік Жалпыға Міндетті Білім беру Стандарты белгіленген талаптарға сәйкес білім беру нәтижелеріне қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметінің мақсаттарын, міндеттерін, жоспарланған нәтижелерін, мазмұны мен ұйымдастырылуын айқындайды және университет оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, инновациялық және оқудан тыс іс-әрекеттерді қамтамасыз етеді.

6B018 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру бағдарламасы білім беру процесіне қатысушылардың білім алу қажеттіліктері мен сұраныстарын ескере отырып әзірленген.

6B018 – Әлеуметтік педагогика және өзін – өзі тану 6B018-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру бағдарламасы пәндерді оқытудың модульдік жүйесі негізінде жобаланған және білім беру қатынастарына қатысушылар қалыптастыратын міндетті бөлігі мен бөлігін қамтитын әмбебап және кәсіби құзыреттерді қалыптастыратын 12 модульден тұрады. Міндетті бөлім МЖМБС талаптарын толық көлемде орындайды және 51 кредитті құрайды, жоғары оқу орны компоненті 77 кредитті құрайды, білім алушылар қалыптастыратын вариативтік бөлім 100 кредитті құрайды, қорытынды аттестаттау 12 кредитті құрайды.

Білім беру бағдарламасының миссиясы: қоғам мен еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыратын болашақ әлеуметтік педагогтар мен өзін-өзі тану мұғалімдеріне лайықты білім беру болып табылады.

Білім беру бағдарламасының мақсаты – әлеуметтік мұғалімді, өзін-өзі тану мұғаліміне тән қабілеттерін дамыту және мүмкіндіктерін іске асыру үшін микросоциумда қолайлы жағдайлар жасауға, әлеуметтік пайдалы салаларындағы оң әлеуетіне, жеке дамуындағы тұйық жағдайлардың алдын алуға бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға дайындауды көздейді.
«Инклюзивті білім беруде жұмыс істейтін арнайы педагог (дефектолог) даярлауды жаңғырту» Онлайн-семинар
20.11. 2020 жылы «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, магистр, докторанты Дүйсенбаева Б.А. «Инклюзивті білім беру жағдайында жұмысқа арнайы педагог (дефектолог) даярлауды жаңғырту» тақырыбында оқу-әдістемелік онлайн семинар өткізді. Онлайн семинарға «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушылары, «Дефектология» Білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттары қатысты.

Презентация онлайн семинара
Made on
Tilda