Білім беру бағдарламалары
7М01103 Педагогика және психология
7M01103 магистратураның білім беру бағдарламасы Педагогика және психология білім алушылардың Мемлекеттік Жалпыға Міндетті Білім беру Стандарты белгіленген талаптарға сәйкес білім беру нәтижелеріне қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметінің мақсаттарын, міндеттерін, жоспарланған нәтижелерін, мазмұны мен ұйымдастырылуын айқындайды және университет оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, инновациялық және оқудан тыс іс-әрекеттерді қамтамасыз етеді.

7M01103 Педагогика және психология магистратурасының білім беру бағдарламасы пәндерді оқытудың теориялық оқытуды, базалық циклдар мен бейіндеуші пәндерді зерделеуді, білім алушылардың практикалық дайындығы: педагогикалық және ғылыми-зерттеу практикаларын, ғылыми және кәсіби тағылымдамаларын, ғылыми-зерттеу жұмыстарының және қорытынды аттестаттаудың түрлері модульдік жүйесі негізінде жобаланған болып, әмбебап және кәсіби құзыреттерді қалыптастыратын 8 модульден тұрады.

Білім беру бағдарламасының миссиясы"қоғам мен еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыратын болашақ педагог–психологтар, кәсіпқойлар үшін лайықты білім беру" болып табылады. 7M01103 Педагогика және психология магистратурасының Білім беру бағдарламасының мақсаты жоғары білікті педагог-психологтарды, білім берудің жаңа формациясының құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарын, еңбек нарығында сұранысқа ие болған ғылыми-педагогикалық және басқару кадрларын даярлау болып табылады.
7М01905 – Дефектология
7M01905 – Дефектология магистратурасының Білім беру бағдарламасы жалпы мәдени, кәсіби құзыреттілікке және дефектология саласында жоғары біліктілікке ие жаңа үлгідегі кәсіпқойды даярлауға, озық инновациялық технологияларды қолдануға және дамытуға, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту әдістеріне бағытталған. Дефектология саласында жалпы мәдени, кәсіби құзыреттілікке және жоғары біліктілікке ие жаңа үлгідегі кәсіпқойды даярлауға, озық инновациялық технологияларды, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту әдістерін қолдануға және дамытуға бағытталған. 7M01905–Дефектология мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын жүзеге асыру университеттің миссиясымен анықталады, және "болашақ дефектологтарға қоғам мен еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыратын кәсіпқойлар үшін лайықты білім" ретінде тұжырымдалған.

7M01905 – Дефектология магистратурасының білім беру бағдарламасы теориялық оқытуды, базалық циклдар мен бейіндеуші пәндерді зерделеуді, білім алушылардың практикалық дайындығы: педагогикалық және ғылыми-зерттеу практикаларын, ғылыми және кәсіби тағылымдамаларын, ғылыми-зерттеу жұмыстарының және қорытынды аттестаттаудың түрлерін қамтиды.
Модульді пәндер каталогы
7M01103 – "Педагогика және психология" білім беру бағдарламасының модульдік пәндер каталогы – бұл модульдік оқыту пәндерінің жүйеленген аннотацияланған тізімі. Каталог білім алушыларға өз траекториясын жан-жақты тұжырымдауға, оқу жоспарын тез және икемді таңдауға және әзірлеуге мүмкіндік беруге арналған. Модульдердің жалпы тізімінен білім алушылер өздеріне қызықты пәндерді таңдай алады.

Кредиттік оқыту технологиясында барлық пәндер екі циклге бөлінген: базалық пәндер және кәсіптік пәндер. Осы циклдердің әрқайсысында академиялық пәндер екі санатқа бөлінеді: міндетті компонент және факультативтік пәндер.

Міндетті пәндер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен анықталған және оларды осы мамандықтың барлық магистранттары меңгерген.
«Магистратура және докторантура деңгейіндегі оқу процесінің өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн-кездесу
30 қараша күні сағат 17: 00-де «Магистратура мен докторантура деңгейіндегі оқу үдерісінің өзекті мәселелері» тақырыбында магистранттар мен докторанттардың онлайн-кездесуі өтті. Онлайн-кездесуге ББ 7М01103 «Педагогика және психология» және ББ 7М01905 «Дефектология» және басқада мамандықтардың 1 және 2-курс магистранттары, және ББ 8D01103 «Педагогика және психология» докторанттары қатысты. Онлайн-кездесу барысында оқу процесі туралы мәселелерді талқылады. П.ғ. д., профессор З. А. Мавкебаева диссертацияларды рәсімдеу талаптары туралы түсіндірме-семинар өткізді.
Психологиялық тренинг өткізу

7М01103 – Педагогика және психология 2-курс Білім беру Бағдарламасының магистранттары университет қабырғасында 306 және 318 аудиторияларында психологиялық тренинг өткізді және заманауи озық педагогикалық-психологиялық әдістер туралы талқылады.
Ғылыми-ізденістік және эксперименттік жұмыстар

Сүреттерде 7М01103 «Педагогика және психология» Білім беру Бағдарламасы бойынша 2-курс магистранттары ғылыми-ізденістік және эксперименттік жұмыстар жүргізу базасы ТОО «Алиар» Халықаралық Академиясында зерттеу эксперименттерін өткізіп, талқылау барысында. ТОО «Алиар» Халықаралық Академиясында ТОО «Алиар» Халықаралық Академиясынмен келісім-шарт жасалды.
Made on
Tilda