«Химия және биология» кафедрасы
«Silkway» Халықаралық университетінінің «Химия және биология» кафедрасының ашылу тарихы педагогика факультетінен бастау алады.
1998-1999 оқу жылында «Педагогика» кафедрасы болып құрылып, п.ғ.к.,доцент Қаражігітова К.Н. кафедраға жетекшілік етті.

2000-2001 оқу жылынан бастап «Педагогика және психология» кафедрасы болып қайта құрылып,кафедра меңгерушісі болып доцент Сарсекенова А.Ж. тағайындалды. Бұл кафедра кейінен «Педагогика және бастауыш мектепте оқыту әдістемесі» кафедрасы болып өзгерді.

Жаратылыстану пәндері кафедрасын қалыптастыру қорытындысы 2003 жылы аяқталды.(Кафедра меңгерушісі Насриддинов Ф.)
«Жаратылыстану пәндері» кафедрасы «2013 жылдың Үздік кафедрасы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

«Жаратылыстану пәндері» кафедрасы аға оқытушысы Балабекова Ш.Т. «Жыл тәлімгері-2016» байқауына қатысып бас жүлде жеңімпазы атанды.

Қазіргі кезеңде «Химия және биология» кафедрасында толық штатта 13 ғылым кандидаттары, 2 Ph докторы, 7 магистр және 2 оқытушы қосымша қызмет атқарады.

Қазіргі таңда кафедраны техника ғылымдарының кандидаты К.Т. Тулешова кафедра меңгерушісі міндетін атқарушысы болып басқаруда.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамының еңбектерімен жетістіктері
Кафедра құрамы
Кафедра меңгерушісі
Химия ғылымдарының кандидаты
Биология ғылымдарының кандидаты, доцент
Биология ғылымдарының кандидаты
Сатаева Лаззат Муталовна
Техника ғылымдарының кандидаты
Биология ғылымдарының кандидаты
Биология ғылымдарының кандидаты
Алтыбаев Жаксылык Мамырбекович
PhD докторы
Магистр, аға оқытушы
Магистр, аға оқытушы
Жетаева Майра Қайратқызы
Магистр, оқытушы
Химия және биология кафедрасының ғылыми және педагогикалық жетістіктері
2017 жылдың күз айында университеттің профессор- оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жариялаған ғылыми грант конкурстарына 3 ғылыми жобалармен:«Оңтүстік Қазақстан облысын ландшафтты зерттеу, өсімдікті-шикізатының экологиялы-географиялық картасын жасау, табиғи қорын анықтау және эфир майын алу»(жетекші б.ғ.к. Ибрагимов Т.С.); «Оңтүстік Қазақстанның өсімдікті шикізатын пайдалана отырып тромбоцитті әсер ететін биологиялық белсенді препаратты түзу технологиясын жасау» (жетекші т.ғ.к. Турабекова Г.З.); «Индуцияланған иммунитет негізінде егісті қорғауды экологизациялау үшін дәнді дақылдар сорттарының ауруға төзімділігін арттыру» (жетекші Ph докторы Шапалов Ш.Қ.) қатысып, б.ғ.к. Т.С. Ибрагимовтың ғылыми жобасы 30 млн.теңге грант иегері атанды.

2017 жылы кафедраның оқытушылары х.ғ.к. А.Е.Битемирова және PhD Ш.Қ. Шапалов ҚР Білім және ғылым министрлігі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері болып табылды.

2020-жылы кафедраның оқытушысы б.ғ.к., аға оқытушы Ибрагимов Т.С. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері атанды.
Біліктілікті арттыру
Педагогикалық практика
Оқу практикасының мақсаты мен міндеттері. Оқу практикасының мақсаты- теориялық курстан алынған материалды іс-тәжірибелік жұмыстар арқылы бекіту. Педагогикалық сынып жағдайын зерттеу және зерделеу, таңдаған мамандық бойынша бастапқы тәжірибелік білімдерін және дағдырларының қалыптасуы, педагогикалық іс-әрекет объектісін зерттеу саласында болашақ оқытушының болжамгерлік, талдау және жоспарлау, іскерліктерін, педагогикалық процестің жай-күйін және оқушы тұлғасын зерттей отырып педагогикалық қызмет міндетін айқындау қабілетін қалыптастыру.

Практиканың міндеттері - ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін жүйелі қолдана отырып зерттеу жүргізудің негізінде педагогикалық процестің жай-күйін, оқушы тұлғасын зерделей алу қабілетін, жаңа әдістемелермен және оқытудың жаңа инновациялық түрлерімен танысу.

Бағдарлау конференциясы
2020-2021 оқу жылының 19 қаңтарында ZOOM бағдарламасы, онлайн форматта оқу,педагогикалық және өндірістік практика бойынша бағдарлау конференциясы өтті. Конференцияға факультет деканы Бутаев М.Д, кафедра меңгерушісі Тулешова К.Т, №64 Ж. Аймауытов атындағы мектеп гимназиясының ғылыми оқу –өндірістік кешен бойынша жауапты Елибаева Ш .А , практикаға жауапты профессор –оқытушы құрамы және 2,3,4 курс студенттері қатысты. Конференцияда студенттер практика туралы тәліметтер алды.
Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары және жетістіктері
2020-2021 оқу жылында магистранттар университетіміздің негізін қалаушы Б.С. Юнусов атындағы гранттқа конкурсқа қатысып жүлделі Б.С. Юнусов атындағы грант иегерлері атанды.
Студенттердың ғылыми-зерттеу жұмыстары және жетістіктері
2020-2021 оқу жылында студенттер университетіміздің негізін қалаушы Б.С. Юнусов атындағы гранттқа конкурсқа қатысып жүлделі Б.С. Юнусов атындағы грант иегерлері атанды.
Пәндік олимпиада
Академиялық ұтқырлық
Химия және биология кафедрасының әлеуметтік-тәрбие жұмысы
Профессор оқытушылар құрамын спортқа баулу мақсатында жыл сайын факультеттер арасында жарыстар ұйымдастырылады
Халықаралық қатынастар
Академиялық ұтқырлық қазіргі білім берудің ажырамас белгісіне айналып, әрі қарай тек қана арта түседі. Академиялық ұтқырлық университет миссиясын орындауды қамтамасыз етеді, жоғары білім сапасын жақсартуға, ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға, басқару жүйесін жетілдіруге, сыртқы және ішкі интеграциялық процестер мен байланыстарды орнатуға ықпал етеді.

Ішкі ұтқырлық
1. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ
2. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет
3. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
4. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
5. Мирас университеті
6. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
7. Сырдария университеті
8. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
9. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
10. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Сыртқы ұтқырлық
1. Ташкентский государственный педагогический университет им.Низами
2. University of chemistry and technology Prague
3. Киргизский Национальный университет им. Ж.Баласагын
4. Российский государственный педагогический университет им А.И.Герцена
5. Московский государственный областной университет
6. Самарский государственный социально-педагогический университет
7. Гродненский государственный университет им. Янги Купала
8. Кыргызский национальный аграрный университет им. К.И. Скрябина.

2020-2021 оқу жылының 18-29 қаңтары аралығында кафедра меңгерушісі м.а, т.ғ.к., Тулешова Кулзейнеп Тулешовна Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің « Органикалық химия және білім беру технологиялары» кафедрасында виртуалды академиялық ұтқырлықтан өтті.
Кафедраның техникалық базасын дамыту
Химия және биология білім беру бағдарламасының зертханасын материалдық техникалық жабдықтармен жаңарту мақсатында унииерситеттің бас ғимаратының 207 кабинетіне виртуальды зертханалық жұмыстар орнатылды.

«ҚОНАҚ ДӘРІСІНІҢ» қонағы Биология ғылымдарының докторы , профессор Исаева Ақмарал Умирбекқызы 2020-2021 оқу жылында «Химия және биология» кафедрасының ғылыми зерттеу жұмысының жоспары бойынша білім алушыларға б.ғ.д., Исаева Ақмарал Умирбекқызымен ОНЛАЙН форматта «ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ» тақырыбында Қонақ дәрісі өткізілді. Кездесу барысында көп кафедра білім алушылары, дәріс қонақтары көп нәрсеге көз жеткізіп, ғылыми зерттеу жұмыстарын жоспарлау мен ұйымдастыру бағытына арналған көптеген мағұлматтар алды.
Биология ғылымдарының кандидаты, PhD доктор Мақсат Кизатұлы Жабагинмен кездесу
02.03.2021ж кафедрда биология ғылымдарының кандидаты, PhD доктор, қауымдастырылған, ҚР сенаты жанындағы жас сарапшылар клубының мүшесі М.К.Жабагинмен «Ұлттық биотехнология орталығының генетика зертханасмен ынтымақтастық мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел өтті.Талқылау барысында дөңгелек үстел тақырыбы бойынша көптеген сұрақтар қойылды, пікірталас мазмұнды және ашық болды.Дөңгелек үстелге кафедраның профессор оқытушы құрамы толық қатысты. Доктор М.К.Жабагинге ынтымақтастық үшін кафедра атынан алғысымызды білдіреміз.

2020-2021 жылғы оқу үрдісінде профессор- оқытушы құрамының біліктілігін жоғарылату мақсатында келесідегідей оқытушылар төмендегі ЖОО –да біліктілігін арттырды.

Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Химия білім беру бағдарламасы бойынша:
Сатаева Л.М.
Тулешова К.Т.
Джалилов К.А.
Амирбекова Э.М.
Әсенов С.Ш.

Биология білім беру бағдарламаса бойынша:
Жетаева М.Қ.

«Химия және биология» кафедрасының меңгерушісі, техн.ғ.к. К.Т.Тулешова және б.ғ.к., доцент Ә.Е.Сихымбаев, Ғылыми-зерттеу институтының жетекшісі А.Т.Ермекбаева, «Өмір туралы ғылым» Ғылыми орталығының жетекшісі, а.ш.-ғ.к. Т.А.Жигитековпен бірге Болашақ университетіне іс-сапарда болып қайтты.

Іс сапар барысында Болашақ университетінің бөлім басшыларымен, профессор оқытушылар құрамымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Университеттің «Балжансай» агробиологиялық участогында жылына 6 тонна бал алуға мамандандырылған Бал ара омартасы, 4 кешеннен құралған жылыжай, 23 гектар территориясы бар егіншілік саласына машықтандырылған «Астаукөл» агробиологиялық орталығымен танысты.

Silkway Халықаралық университеті және Болашақ университеті арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықтың сабақтастығы – бірлескен ғылыми жұмыстар мен академиялық ұтқырлық санатында ары қарай жалғасын таба бермек.

«Химия және биология» кафедрасының меңгерушісі, техн.ғ.к. К. Тулешова және б.ғ.к., доцент Ә. Сихымбаев биология мамандығы бойынша PhD, «Іргелі және қолданбалы зерттеулер» Ғылыми-зерттеу институтының жетекшісі А. Ермекбаева, «Өмір туралы ғылым» ғылыми орталығының жетекшісі, а.-ш.ғ.к. Т. Жигитековпен бірге Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне (ХҚТУ) ат басын бұрды.

Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталган ғылыми-зерттеу зертханасында алма, тораңғы, жөке, қайың ағаштарын бүршіктен көбейту жұмыстары, коммерцияландырылган ғылыми жобалар аясында а.-ш.ғ.к. Б.Юсупов, PhD Н.Салыбекова және тағы да басқа оқытушы ғалымдар декоративтi cәндiк ағаштар, жеміс беретін ағаш түрлерін егу және пиязшыктарды көбейту жұмыстарын инновациялық тәжірибелердi қолдану жолымен «Ботаникалық бақта» жұмыс жасауда. «Экология» Ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлерi биологиялық жем-шөптiк қоспа дайындау, пластикалық бөтелкелердi утилизациялау, пресстеу, биологиялық қоспалар, вермичай даярлау жұмыстарымен таныстырды.
Made on
Tilda